Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы "Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" № 368 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
қаулымен айқындалған Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшеріндегі:
орыс тілінде 8-тармаққа өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Ақшалай сыйақының мөлшері".
2. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Шымкент қаласының полиция
департаменті