Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 368 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 13 болып тіркелді

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 06.10.2022 № 2052 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. "Шымкент қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      Шымкент қалалық полиция

      департаменті"

      _____________Е.М. Жұмаханбетов

      2018 жыл "26" желтоқсан

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2018 жылғы "26" желтоқсан
№ 368 қаулысына қосымша

Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау

1. Көтермелеудiң түрлерi

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

2. Көтермелеудiң тәртiбi

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шымкент қалалық полиция департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) қажеттілігіне қарай Шымкент қаласының әкімі аппаратына қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу туралы ұсынысты жолдайды (бұдан әрі – Ұсыныс).

      3. Шымкент қаласының әкімі аппараты Ұсынысты 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қарайды. Қажет болған жағдайда, әкім аппараты Департаментке пысықтауға жібереді. Өз кезегінде Департамент пысықталған нұсқаны Шымкент қаласының әкімі аппаратына жолдайды.

      4. Көтермелеу түрлерiн, оның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн және ол немесе оның қатысуымен жолы кесiлген құқыққа қарсы әрекеттiң нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың көлемiн ескере отыра, қоғамдық тәртіпі қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) белгiлейдi.

      5. Шымкент қаласының әкімі аппараты барлық қажетті құжаттарды қалыптастырады және қоғамдық тәртіпі қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның қарауына енгізеді. Комиссия ұсынылған материалдарды ережеге сәйкес тоқсан сайын қарайды.

      6. Шымкент қаласының әкімі аппараты шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия шешімін Департаментке жолдайды.

      7. Департамент Комиссияның шешімі негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұйрық шығарады және ақшалай сыйақы төлеу үшін қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі тиісті құрылымдық бөлімшеге жібереді.

      8. Осы қосымшаның 1 тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген көтермелеу түрлерін Департамент салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Шымкент қаласы әкімдігінің 06.10.2022 № 2052 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9. Комиссия жергілікті атқарушы органдарда тіркелмеген азаматтарды да, егер олар осы тәртіпке сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге немесе оларды ашуға ықпал етсе, Заңда белгіленген тәртіппен көтермелеуге құқылы.

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 06.10.2022 № 2052 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      10. 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады