Абай облысының Ақсуат ауданы және Көкпекті ауданының шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 102 бірлескен қаулысы және Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 11/69-VII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 қаңтарда № 15-18 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Абай облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай облысының Ақсуат ауданының шекарасы жалпы ауданы 1 356 200 гектар болып белгіленсін.

      2. Абай облысының Көкпекті ауданының шекарасы жалпы ауданы 909 900 гектар болып белгіленсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев
      Абай облысы мәслихатының төрағасы
      К. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады