Абай облысының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 6/33-VІI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29454 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 191 381 361,7 мың теңге:
салықтық түсімдер – 5 427 961,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 2 635 545,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 183 317 854,0 мың теңге;
2) шығындар – 191 389 086,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 1 937 575,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 8 704 635,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 767 060,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 945 300,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 945 300,0 мың теңге:
қарыздар түсімі – 8 704 635,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 6 759 335,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0,0 мың теңге.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне берілетін субвенциялар көлемi 4 111 380,5 мың теңге сомада қарастырылсын, соның ішінде:
Абай ауданына – 916 803,0 мың теңге;
Бесқарағай ауданына – 839 255,0 мың теңге;
Бородулиха ауданына – 275 944,0 мың теңге;
Көкпектi ауданына – 138 609,0 мың теңге;
Ақсуат ауданына – 537 579,5 мың теңге;
Үржар ауданына – 1 403 190,0 мың теңге.";
келесі мазмұндағы 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 тармақтармен толықтырылсын:
"7. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге арналған трансферттердің түсімдері 26 901 513,1 мың теңге сомасында қарастырылсын:
білім беру саласындағы атқарушы органдардың және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің функциялары мен штат санының лимиттерін аудандық деңгейден облыстық деңгейге беруге;
ветеринария саласындағы атқарушы органдардың және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің функциялары мен штат санының лимиттерін аудандық деңгейден облыстық деңгейге беруге;
бұлтты электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін енгізуге;
Қазақстан Республикасының "2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен көзделген трансферттерді республикалық бюджетке беру қажеттілігіне байланысты.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен трансферттер түсімдерін бөлу Абай облысы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.
8. 2022 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы трансферттерді бөлу Абай облысы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.
9. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:
1) ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге;
2) арнаулы мекемелердің, айдауыл қызметінің, кезекші бөлімдердің және жедел басқару орталықтарының, кинологиялық бөлімшелердің қызметкерлеріне және учаскелік полиция инспекторларының көмекшілеріне тұрғын үй төлемдеріне;
3) ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілері қатарындағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;
5) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;
6) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;
7) нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға;
8) мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелер, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдары, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;
9) азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
10) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
11) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;
12) үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз етуге;
13) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
14) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға;
15) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
16) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;
17) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге;
18) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының әдістемелік орталықтарының (кабинеттерінің) әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге;
19) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
20) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың мемлекеттік стипендиясының мөлшерін ұлғайтуға;
21) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге;
22) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
23) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;
24) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
25) сұранысқа ие мамандықтар бойынша жастарды тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге;
26) қаржы лизингі шарттарымен сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге;
27) вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға;
28) ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға;
29) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
30) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге;
31) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдардың медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
32) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
33) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауға;
34) "Ауыл – Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жөніндегі іс-шараларды іске асыруға;
35) мәслихаттар депутаттары қызметінің тиімділігін арттыруға;
36) көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;
37) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын қамтамасыз етуге және өткізуге.
2022 жылға арналған республикалық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Абай облысы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.
10. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері көзделсін:
1) әлеуметтiк қамтамасыз ету объектілерін салуға және реконструкциялауға;
2) "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде қалаларда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту;
3) индустриялық инфрақұрылымды дамыту;
4) облыс орталықтарында инженерлік және көлік (абаттандыру) инфрақұрылымын дамыту;
5) шағын және моноқалалардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру.
11. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы және кепілдік берілген трансферт есебінен республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері көзделсін:
1) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға;
2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға;
3) "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту;
4) "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту;
5) көліктік инфрақұрылымды дамытуға.
2022 жылға арналған республикалық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерін бөлу Абай облысы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.
12. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен кредиттер көзделсін:
1) мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруға;
2) ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларға микрокредиттер.
2022 жылға арналған республикалық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кредиттер сомалардың бөлу Абай облысы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.
13. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының хатшысы | К. Сулейменов |
2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 7/34-VII шешіміне қосымша |
|
Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі №6/33-VІI шешіміне 1 қосымша |
2022 жылға арналған облыстық бюджет
Санаты | Сомасы (мың теңге) | |||
Сыныбы | ||||
Кіші сыныбы | ||||
Атауы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
I. Кірістер | 191 381 361,7 | |||
1 | Салықтық түсiмдер | 5 427 961,9 | ||
05 | Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар | 5 427 961,9 | ||
3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер | 5 398 477,9 | ||
4 | Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар | 29 484,0 | ||
2 | Салықтық емес түсiмдер | 2 635 545,8 | ||
01 | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 1 676 737,3 | ||
1 | Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері | 54 515,3 | ||
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 46 000,0 | ||
7 | Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар | 1 576 222,0 | ||
04 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 263 885,9 | ||
1 | Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 263 885,9 | ||
06 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 694 922,6 | ||
1 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 694 922,6 | ||
3 | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 0,0 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 183 317 854,0 | ||
01 | Трансферттердің түсімдері | 26 901 513,1 | ||
2 | Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерден трансферттер | 26 901 513,1 | ||
02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 156 416 340,9 | ||
1 | Республикалық бюджеттен түсетiн трансферттер | 156 416 340,9 |
Функционалдық топ | Сомасы (мың теңге) | ||||
Кіші функция | |||||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | |||||
Бағдарлама | |||||
Атауы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
II. Шығындар | 191 389 086,7 | ||||
1 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер | 1 554 113,7 | |||
1 | Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар | 526 985,0 | |||
110 | Облыс мәслихатының аппараты | 55 261,0 | |||
001 | Облыс мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 15 233,0 | |||
003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 10 287,0 | |||
005 | Мәслихаттар депутаттары қызметінің тиімділігін арттыру | 29 741,0 | |||
120 | Облыс әкімінің аппараты | 360 892,7 | |||
001 | Облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 217 454,7 | |||
004 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 13 438,0 | |||
009 | Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз ету және өткізу | 130 000,0 | |||
282 | Облыстың тексеру комиссиясы | 110 831,3 | |||
001 | Облыстың тексеру комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 38 968,3 | |||
003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 71 863,0 | |||
2 | Қаржылық қызмет | 970 347,5 | |||
257 | Облыстың қаржы басқармасы | 370 606,4 | |||
001 | Жергілікті бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 35 430,2 | |||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 335 176,2 | |||
718 | Облыстың мемлекеттік сатып алу басқармасы | 599 741,1 | |||
001 | Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 22 901,1 | |||
003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 576 840,0 | |||
5 | Жоспарлау және статистикалық қызмет | 56 781,2 | |||
258 | Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы | 56 781,2 | |||
001 | Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 56 781,2 | |||
2 | Қорғаныс | 79 008,4 | |||
2 | Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру | 79 008,4 | |||
120 | Облыс әкімінің аппараты | 26 687,0 | |||
012 | Облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру | 26 687,0 | |||
287 | Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органы | 52 321,4 | |||
004 | Облыс ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою | 52 321,4 | |||
3 | Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | 4 390 533,4 | |||
1 | Құқық қорғау қызметi | 4 390 533,4 | |||
252 | Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы | 4 390 533,4 | |||
001 | Облыс аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 4 370 506,4 | |||
003 | Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу | 3 668,0 | |||
006 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 16 359,0 | |||
4 | Бiлiм беру | 110 469 415,2 | |||
1 | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту | 10 206 950,6 | |||
261 | Облыстың білім басқармасы | 10 206 950,6 | |||
081 | Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту | 5 119 434,6 | |||
202 | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға | 5 087 516,0 | |||
2 | Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру | 86 251 537,1 | |||
261 | Облыстың білім басқармасы | 83 028 114,4 | |||
003 | Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру | 2 061 082,0 | |||
006 | Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру | 1 551 211,0 | |||
055 | Балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру | 2 589 038,7 | |||
082 | Мемлекеттік бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында жалпы білім беру | 55 755 386,7 | |||
083 | Ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру | 6 176,0 | |||
203 | Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға | 21 065 220,0 | |||
285 | Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы | 3 117 970,5 | |||
006 | Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру | 3 117 970,5 | |||
288 | Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | 105 452,2 | |||
012 | Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау | 105 452,2 | |||
4 | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру | 9 237 176,3 | |||
253 | Облыстың денсаулық сақтау басқармасы | 421 744,0 | |||
043 | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау | 421 744,0 | |||
261 | Облыстың білім басқармасы | 8 815 432,3 | |||
024 | Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау | 8 751 882,2 | |||
025 | Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау | 63 550,1 | |||
5 | Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру | 2 156 517,1 | |||
253 | Облыстың денсаулық сақтау басқармасы | 442 328,8 | |||
003 | Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау | 442 328,8 | |||
261 | Облыстың білім басқармасы | 1 714 188,3 | |||
052 | Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау | 1 714 188,3 | |||
9 | Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер | 2 617 234,1 | |||
261 | Облыстың білім басқармасы | 2 617 234,1 | |||
001 | Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 365 121,0 | |||
007 | Облыстық, аудандық (қалалық) ауқымдардағы мектеп олимпиадаларын, мектептен тыс іс-шараларды және конкурстар өткізу | 45 242,0 | |||
011 | Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету | 114 440,0 | |||
012 | Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдердің оңалту және әлеуметтік бейімдеу | 272 394,0 | |||
019 | Мемлекеттік білім беру мекемелеріне жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін гранттар беру | 34 000,0 | |||
029 | Білім беру жүйесін әдістемелік және қаржылық сүйемелдеу | 502 053,0 | |||
067 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары | 1 079 604,1 | |||
086 | Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін | 4 196,0 | |||
087 | Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға | 200 184,0 | |||
5 | Денсаулық сақтау | 4 251 233,9 | |||
2 | Халықтың денсаулығын қорғау | 1 056 092,0 | |||
253 | Облыстың денсаулық сақтау басқармасы | 602 761,0 | |||
006 | Ана мен баланы қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 277 345,0 | |||
050 | Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитариялық көлік және сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар бойынша лизинг төлемдерін өтеу | 325 416,0 | |||
288 | Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | 453 331,0 | |||
038 | Деңсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау | 453 331,0 | |||
3 | Мамандандырылған медициналық көмек | 1 211 116,0 | |||
253 | Облыстың денсаулық сақтау басқармасы | 1 211 116,0 | |||
027 | Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтау | 1 211 116,0 | |||
9 | Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер | 1 984 025,9 | |||
253 | Облыстың денсаулық сақтау басқармасы | 1 984 025,9 | |||
001 | Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 30 637,9 | |||
008 | Қазақстан Республикасында ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру | 60 425,0 | |||
018 | Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық талдамалық қызметтер | 18 368,0 | |||
033 | Медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары | 1 874 595,0 | |||
6 | Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру | 17 623 446,9 | |||
1 | Әлеуметтiк қамсыздандыру | 7 875 255,0 | |||
256 | Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы | 2 436 380,7 | |||
002 | Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 869 992,4 | |||
012 | Тірек-қозғалу аппаратының қызметі бұзылған балаларға арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында мүгедек балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 212 672,3 | |||
013 | Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 780 516,0 | |||
015 | Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 573 200,0 | |||
261 | Облыстың білім басқармасы | 811 916,3 | |||
015 | Жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру | 668 897,0 | |||
037 | Әлеуметтік сауықтандыру | 76 191,0 | |||
092 | Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу | 66 828,3 | |||
288 | Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | 4 626 958,0 | |||
039 | Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу және реконструкциялау | 4 626 958,0 | |||
2 | Әлеуметтiк көмек | 47 964,7 | |||
256 | Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы | 47 964,7 | |||
003 | Мүгедектерге әлеуметтік қолдау | 47 964,7 | |||
9 | Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер | 9 700 227,2 | |||
256 | Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы | 9 693 727,2 | |||
001 | Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 101 192,2 | |||
018 | Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру | 68 902,0 | |||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 9 523 633,0 | |||
752 | Облыстың қоғамдық даму басқармасы | 6 500,0 | |||
050 | Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту | 6 500,0 | |||
7 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 9 264 263,9 | |||
1 | Тұрғын үй шаруашылығы | 90 000,0 | |||
279 | Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы | 90 000,0 | |||
054 | Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азамматардың жекелеген санаттарына төлемдер | 90 000,0 | |||
2 | Коммуналдық шаруашылық | 9 174 263,9 | |||
279 | Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы | 9 174 263,9 | |||
001 | Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 41 972,4 | |||
032 | Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау | 222 386,0 | |||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 843 896,3 | |||
114 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері | 8 066 009,2 | |||
8 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк | 5 857 932,3 | |||
1 | Мәдениет саласындағы қызмет | 1 710 400,4 | |||
288 | Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | 127 516,0 | |||
027 | Мәдениет объектілерін дамыту | 127 516,0 | |||
748 | Облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы | 1 582 884,4 | |||
005 | Мәдени-демалыс жұмысын қолдау | 222 138,1 | |||
007 | Тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету | 411 656,0 | |||
008 | Театр және музыка өнерін қолдау | 949 090,3 | |||
2 | Спорт | 2 261 514,9 | |||
285 | Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы | 952 195,0 | |||
001 | Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 19 441,1 | |||
003 | Әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының мүшелерін дайындау және республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы | 853 400,9 | |||
032 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары | 71 200,0 | |||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 8 153,0 | |||
288 | Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | 1 309 319,9 | |||
024 | Cпорт объектілерін дамыту | 1 309 319,9 | |||
3 | Ақпараттық кеңiстiк | 654 461,5 | |||
748 | Облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы | 503 101,0 | |||
009 | Облыстық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 170 583,0 | |||
010 | Архив қорының сақталуын қамтамасыз ету | 332 518,0 | |||
752 | Облыстың қоғамдық даму басқармасы | 151 360,5 | |||
009 | Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер | 151 360,5 | |||
4 | Туризм | 26 864,0 | |||
266 | Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы | 26 864,0 | |||
044 | Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау | 26 864,0 | |||
9 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер | 1 204 691,5 | |||
748 | Облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы | 1 044 759,1 | |||
001 | Жергiлiктi деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 41 408,6 | |||
032 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары | 39 818,0 | |||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 963 532,5 | |||
752 | Облыстың қоғамдық даму басқармасы | 159 932,4 | |||
001 | Жергілікті деңгейде қоғамдық даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 80 391,7 | |||
005 | Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау | 37 322,1 | |||
006 | Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру | 14 189,6 | |||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 28 029,0 | |||
9 | Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану | 349 444,0 | |||
1 | Отын және энергетика | 349 444,0 | |||
279 | Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы | 349 444,0 | |||
050 | Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға шығындарын субсидиялау | 349 444,0 | |||
10 | Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 1 604 927,0 | |||
1 | Ауыл шаруашылығы | 1 403 311,6 | |||
719 | Облыстың ветеринария басқармасы | 1 378 426,6 | |||
001 | Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 34 707,0 | |||
008 | Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету | 11 615,0 | |||
009 | Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру | 5 615,0 | |||
010 | Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру | 51 639,7 | |||
011 | Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу | 12 817,0 | |||
012 | Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу | 14 945,1 | |||
013 | Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу | 18 460,9 | |||
014 | Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу | 1 225 915,8 | |||
028 | Уақытша сақтау пунктына ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызметтер | 2 711,1 | |||
741 | Облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы | 24 885,0 | |||
045 | Тұқымдық және көшет отырғызылатын материалдың сорттық және себу сапаларын анықтау | 21 222,0 | |||
046 | Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алуға және тіркеу | 3 663,0 | |||
3 | Орман шаруашылығы | 19 239,0 | |||
254 | Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы | 19 239,0 | |||
005 | Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру | 19 239,0 | |||
5 | Қоршаған ортаны қорғау | 147 964,2 | |||
254 | Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы | 67 467,2 | |||
001 | Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 23 403,5 | |||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 44 063,7 | |||
288 | Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | 80 497,0 | |||
022 | Қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту | 80 497,0 | |||
9 | Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер | 34 412,2 | |||
741 | Облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы | 34 412,2 | |||
001 | Жергілікте деңгейде ауыл шаруашылығы және жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 34 412,2 | |||
11 | Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | 8 947 635,9 | |||
2 | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | 8 947 635,9 | |||
288 | Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | 8 947 635,9 | |||
001 | Жергілікті деңгейде құрлыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 33 569,9 | |||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 2 520 400,0 | |||
114 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері | 6 393 666,0 | |||
12 | Көлiк және коммуникация | 13 186 463,3 | |||
1 | Автомобиль көлiгi | 4 442 593,0 | |||
268 | Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | 4 442 593,0 | |||
002 | Көлік инфрақұрылымын дамыту | 1 010 000,0 | |||
003 | Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 2 193 919,0 | |||
028 | Көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру | 1 238 674,0 | |||
9 | Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер | 8 743 870,3 | |||
268 | Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | 8 743 870,3 | |||
001 | Жергілікті деңгейде көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 31 307,3 | |||
005 | Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау | 65 119,0 | |||
113 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер | 7 381 430,0 | |||
114 | Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері | 1 266 014,0 | |||
13 | Басқалар | 1 876 679,3 | |||
3 | Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау | 214 034,0 | |||
266 | Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы | 46 000,0 | |||
005 | "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау | 31 000,0 | |||
082 | "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру | 15 000,0 | |||
279 | Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы | 168 034,0 | |||
024 | "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту | 168 034,0 | |||
9 | Басқалар | 1 662 645,3 | |||
120 | Облыс әкімінің аппараты | 278 731,0 | |||
008 | "Ақпараттық технологиялар орталығы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету | 278 731,0 | |||
253 | Облыстың денсаулық сақтау басқармасы | 378 736,0 | |||
058 | "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру | 378 736,0 | |||
256 | Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы | 100 000,0 | |||
096 | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау | 100 000,0 | |||
257 | Облыстың қаржы басқармасы | 160 000,0 | |||
012 | Облыстық жергілікті атқарушы органының резервi | 160 000,0 | |||
261 | Облыстың білім басқармасы | 633 353,7 | |||
079 | "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру | 536 908,1 | |||
096 | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау | 96 445,6 | |||
266 | Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы | 49 885,3 | |||
001 | Жергілікті деңгейде кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 49 885,3 | |||
761 | Облыстың бақылау жөніндегі басқармасы | 61 939,3 | |||
001 | Жергілікті деңгейде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 61 939,3 | |||
14 | Борышқа қызмет көрсету | 2 162 112,0 | |||
1 | Борышқа қызмет көрсету | 2 162 112,0 | |||
257 | Облыстың қаржы басқармасы | 2 162 112,0 | |||
004 | Жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету | 2 150 544,0 | |||
016 | Жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету | 11 568,0 | |||
15 | Трансферттер | 9 771 877,5 | |||
1 | Трансферттер | 9 771 877,5 | |||
257 | Облыстың қаржы басқармасы | 9 771 877,5 | |||
007 | Субвенциялар | 4 111 380,5 | |||
024 | Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер | 5 660 497,0 | |||
ІII. Таза бюджеттік кредит беру | 1 937 575,0 | ||||
Бюджеттік кредиттер | 8 704 635,0 | ||||
7 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 8 001 651,0 | |||
1 | Тұрғын үй шаруашылығы | 8 001 651,0 | |||
288 | Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | 8 001 651,0 | |||
009 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және салуға кредит беру | 8 001 651,0 | |||
10 | Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 702 984,0 | |||
9 | Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер | 702 984,0 | |||
258 | Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы | 702 984,0 | |||
007 | Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер | 702 984,0 | |||
5 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | 6 767 060,0 | |||
IV. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо | 0,0 | ||||
Қаржылық активтерді сатып алу | 0,0 | ||||
6 | Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0,0 | |||
V. Бюджет тапшылығы (профициті) | -1 945 300,0 | ||||
VІ. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 1 945 300,0 | ||||
7 | Қарыздар түсімі | 8 704 635,0 | |||
16 | Қарыздарды өтеу | 6 759 335,0 | |||
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 0,0 |