Курчатов қаласы әкімінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 1 "Курчатов қаласы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 қаңтарда № 31549 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Курчатов қаласы әкімінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 1 "Курчатов қаласы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6015 болып тіркелген) келесі өзгерiс енгiзiлсiн:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Курчатов қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      О. Чугунков
      "КЕЛІСІЛДІ"
Курчатов қаласының аумақтық
сайлау комиссиясы

  2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 7 Шешіміне қосымша
  Курчатов қаласы әкімінің
2019 жылғы 12 маусымдағы
№ 1 шешіміне қосымша

Курчатов қаласындағы сайлау учаскелері

№ 150 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Абай облысы Курчатов қаласының қалалық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимараты, Тәуелсіздік көшесі, 2.

      Шекаралары: Железнодорожная (толығымен), Самал (толығымен), Құнанбай (толығымен), Курчатов (толығымен), Достық (толығымен), Победы (толығымен), Спортивная (толығымен), Жылу энергиясы инженерлер (толығымен), Участок (толығымен), Тәуелсіздік 17 көшелері.

№ 151 сайлау учаскесі (жабық сайлау учаскесі)

      Орталығы: "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Абай облысы поиция департаментінің Курчатов қаласының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Абай көшесі, № 12.

      Шекаралары: уақытша ұстау изоляторының аумағы.

№ 152 сайлау учаскесі

      Орталығы: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің "№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Тәуелсіздік көшесі, №10.

      Шекаралары: Абай 15, 17, 19, 22, 24, Алексеенко (толығымен) көшелері.

№ 153 сайлау учаскесі

      Орталығы: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің "№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Тәуелсіздік көшесі, №10.

      Шекаралары: Абай 26, 27, 28, 30, Иртышская (толығымен), Школьная (толығымен) көшелері.

№ 154 сайлау учаскесі

      Орталығы: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің "№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Тәуелсіздік көшесі, №10.

      Шекаралары: Тәуелсіздік 19, 21, 23, 25, 31, Рожанович (толығымен) көшелері.

№ 155 сайлау учаскесі

      Орталығы: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің "№ 3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Олимпийская көшесі, № 3.

      Шекаралары: Абай 31, Олимпийская 2, 4, 7, 9, 10, 15, 16 көшелері.

№ 156 сайлау учаскесі

      Орталығы: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің "№ 3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Олимпийская көшесі, № 3.

      Шекаралары: Абай 21, 34, Олимпийская 17, 18, 20, 20А, 21 көшелері.

№ 157 сайлау учаскесі

      Орталығы: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің "№ 3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Олимпийская көшесі, № 3.

      Шекаралары: Абай 25, 36, Олимпийская 23, 25, 27, 28 көшелері.

№ 158 сайлау учаскесі

      Орталығы: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің "Журавушка" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, Олимпийская көшесі, № 30.

      Шекаралары: Абай 47, Олимпийская 29, 31, 32, 33, 34, 36, 38, 39 көшелері.

№ 159 сайлау учаскесі

      Орталығы: Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Курчатов қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Тәуелсіздік көшесі, № 12.

      Шекаралары: Абай 38, 44, Тәуелсіздік 33, 35, 37 көшелері.

№ 160 сайлау учаскесі

      Орталығы: Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Курчатов қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Тәуелсіздік көшесі, № 12.

      Шекаралары: Абай 46, Тәуелсіздік 45, 47, 49, 51 көшелері.

№ 161 сайлау учаскесі

      Орталығы: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің "№ 4 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Абай көшесі, № 50.

      Шекаралары: Абай 43, 49, Олимпийская 40, Көктем (толық), Степная (толық) көшелері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады