Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 3 қарашадағы № 14/3-VІІ "Абай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы № 28/7-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 қазанда № 30181 болып тіркелді

      Абай аудандық мәслихатыШЕШТІ:

      1. Абай аудандық мәслихатының "Абай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 3 қарашадағы № 14/3-VІІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25141болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тұрақты комиссия төрағасы А. Елубаев

  Абай аудандық мәслихатының
2022 жылғы 5 қазандағы
№ 28/7-VII шешіміне
қосымша
  Абай аудандық мәслихатының
2021 жылғы 3 қарашадағы
№ 14/3-VIІ шешіміне
қосымша

Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібі

      1. Осы Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай-шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзгеде заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

      5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте қандастармен жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

      7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға оқу жылына ай сайын төрт айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсаған шығындарды өтемеу негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады