Шектеу іс-шараларын тоқтату және Переменовка ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 5 шілдедегі "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 12 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 желтоқсанда № 31341 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 842 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты, Абай облысы Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округінің Переменовка, Андроновка, Ремки, Орловка ауылдарының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 5 шілдедегі "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28781 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Переменовка ауылдық округінің әкімі К. Коныров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады