Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. "Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысымен бекітілген |
Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі
1. Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
2. Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет), бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын Көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.
3. Мерзімді баспасөз басылымдарында Көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі Көрсетілетін қызмет құны;
Bn – газетте орналастырылатын бір шаршы сантиметр үшін Көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V – газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін Көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы Көрсетілетін қызмет құны;
Bm – журналда орналастырылатын бір шаршы сантиметр үшін Көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын Көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.
4. Интернет-ресурстағы Көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы Көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста Көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста Көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.
5. Телевизияда Көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы Көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевизияда Көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевизияда Көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі
Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, онда телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру базалық бағамен (Btv) есептеледі.
6. Радиоарнадағы Көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы Көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада Көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада Көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.
Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне қосымша |
Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары
№ | Қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | Облыс, қала мен аудан атауы | 2022 жыл (теңге) | 2023 жыл (теңге) | 2024 және одан кейінгі жылдар (теңге) |
1 | Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Жамбыл облысы | 408 | 424 | 441 |
2 | Жамбыл облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Жамбыл облысы | 195 | 203 | 211 |
3 | Байзақ ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Байзақ ауданы | 150 | 156 | 162 |
4 | Жамбыл ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Жамбыл ауданы | 160 | 166 | 173 |
5 | Жуалы ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Жуалы ауданы | 140 | 146 | 152 |
6 | Қордай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Қордай ауданы | 77 | 80 | 83 |
7 | Меркі ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Меркі ауданы | 109 | 113 | 118 |
8 | Мойынқұм ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Мойынқұм ауданы | 259 | 269 | 280 |
9 | Сарысу ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Сарысу ауданы | 220 | 229 | 238 |
10 | Талас ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Талас ауданы | 250 | 260 | 270 |
11 | Т.Рысқұлов ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Т.Рысқұлов ауданы | 200 | 208 | 216 |
12 | Шу ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Шу ауданы | 180 | 187 | 195 |
13 | Жамбыл облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bm) | шаршы сантиметр | Жамбыл облысы | 286 | 297 | 309 |
14 | Республикалық маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi) | символ | Жамбыл облысы | 47 | 49 | 51 |
15 | Өңірлік маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi) | символ | Жамбыл облысы | 29 | 30 | 31 |
16 | Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық-талдамалық, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Жамбыл облысы | 400 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 120 000) | 416 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 124 800) | 432 640 (оның ішінде орналастыру қызметтері 129 792) |
17 | Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (жаңалық сюжеттерді өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Жамбыл облысы | 666 667 | 693 334 | 721 067 |
18 | Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (ойын-сауық, музыкалық, әзіл-сықақ бағдарламаларды, реалити-шоу, ток-шоу өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Жамбыл облысы | 1 000 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 120 000) | 1 040 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 124 800) | 1 081 600 (оның ішінде орналастыру қызметтері 129 792) |
19 | Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (деректі фильмдерді өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Жамбыл облысы | 500 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 120 000) | 520 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 124 800) | 540 800 (оның ішінде орналастыру қызметтері 124 800) |
20 | Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (бір маусымды сериалдық өнімді өндіру және орналастыру) (Btv) | серия | Жамбыл облысы | 8 000 000 | 8 000 000 | 8 000 000 |
21 | Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді өндіру және орналастыру) (Btv) | секунд | Жамбыл облысы | 33 333 (оның ішінде орналастыру қызметтері 3 500) | 34 666 (оның ішінде орналастыру қызметтері 3 640) | 36 053 (оның ішінде орналастыру қызметтері 3 786) |
22 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық-талдамалық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Жамбыл облысы | 43 370 (оның ішінде орналастыру қызметтері 20 784) | 45 104 (оның ішінде орналастыру қызметтері 21 615) | 46 855 (оның ішінде орналастыру қызметтері 22 454) |
23 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (жаңалық сюжеттерді өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Жамбыл облысы | 50 911 (оның ішінде орналастыру қызметтері 3 056) | 52 547 (оның ішінде орналастыру қызметтері 3 178) | 54 223 (оның ішінде орналастыру қызметтері 3 305) |
24 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (білім беру бағдарламаларын өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Жамбыл облысы | 32 750 (оның ішінде орналастыру қызметтері 16 600) | 34 100 (оның ішінде орналастыру қызметтері 17 284) | 35 464 (оның ішінде орналастыру қызметтері 17 976) |
25 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (ойын-сауық, музыкалық, әзіл-сықақ бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Жамбыл облысы | 51 250 (оның ішінде орналастыру қызметтері 25 600) | 53 600 (оның ішінде орналастыру қызметтері 26 784) | 55 964 (оның ішінде орналастыру қызметтері 27 976) |
26 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (танымдық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Жамбыл облысы | 60 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 30 000) | 62 400 (оның ішінде орналастыру қызметтері 31 200) | 65 200 (оның ішінде орналастыру қызметтері 32 600) |
27 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Жамбыл облысы | 42 963 (оның ішінде орналастыру қызметтері 20 104) | 44 814 (оның ішінде орналастыру қызметтері 20 975) | 46 687 (оның ішінде орналастыру қызметтері 21 854) |
28 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (ток-шоу өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Жамбыл облысы | 31 900 | 33 176 | 34 464 |
29 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (реалити-шоу өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Жамбыл облысы | 90 000 | 94 000 | 98 000 |
30 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (деректі фильмдерді өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Жамбыл облысы | 47 500 | 49 502 | 51 482 |
31 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (анимациялық фильмдерді өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Жамбыл облысы | 200 000 | 208 000 | 216 000 |
32 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді өндіру және орналастыру) (Btv) | секунд | Жамбыл облысы | 66 410 (оның ішінде орналастыру қызметтері 2 243) | 69 427 (оның ішінде орналастыру қызметтері 2 693) | 72 601 (оның ішінде орналастыру қызметтері 3 279) |
33 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (бір маусымды сериалдық өнімді өндіру және орналастыру) (Btv) | серия | Жамбыл облысы | 1 000 000 | 1 040 000 | 1 080 000 |
34 | Жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеу (Btv) | минут | Жамбыл облысы | 4 508 | 4 688 | 4 876 |
35 | Жамбыл облысы аумағында таратылатын радиоарналарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Br) | минут | Жамбыл облысы | 20 000 | 20 800 | 21 632 |
36 | Жамбыл облысы аумағында таратылатын радиоарналарда көрсетілетін қызмет (аудиороликтерді өндіру және орналастыру) (Br) | секунд | Жамбыл облысы | 580 | 603 | 627 |