"Жамбыл облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 377 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 58 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 наурызда № 27334 болып тіркелді

       "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 377 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 6 ақпанда № 2512 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет - ресурсында

      орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады