Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2022 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 103 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28038 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Н. Нуржигитов |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № 158 қаулысына қосымша |
|
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №103 қаулысына 2 – қосымша |
2022 жылға арналған тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері
№ | Облыс атауы | Бюджеттік қаражат көлемі, теңге |
1 | Жамбыл облысы | 3 021 800 000,0 |