"Байзақ ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 наурыздағы №26-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Байзақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 37-11 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 2587 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 34-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 21.11.2022 № 34-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

      1. "Байзақ ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 наурыздағы №26-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде №2137 болып тіркелген, 2014 жылдың 26 наурызында №29 (8163) "Ауыл жаңалығы" - "Сельская новь" газетіне жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Байзақ ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:

      13 тармақта

      3) тармақшада:"7,88" сандары "7,74" сандарымен ауыстырылсын;

      "22" сандары "24,4" сандарымен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының "Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Е. Әшірбеков
      Аудандық мәслихаттың
      Хатшысы Н. Үкібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады