Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 13.09.2023 № 7-8 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жамбыл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Жамбыл аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Жамбыл аудандық мәслихатының "Жамбыл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы №6-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3251 болып тіркелген) шешімі;
2) Жамбыл аудандық мәслихатының "Жамбыл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 30 наурыздағы №3-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4934 болып тіркелген) шешімі.
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жамбыл аудандық | |
мәслихат хатшысы | Р. Сеитов |
Жамбыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 16-2 шешіміне қосымша |
Жамбыл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
1. Осы мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) қағидаларына (бұдан әрі-шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде ай сайын "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.
3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедек балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедек балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедек баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес, ал қандастар үшін - қандас куәлігі - жеке бастың идентификациясын сәйкестендіру үшін ұсынылады.
7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедек балаға оқу жылына ай сайын екі айлық есептік көрсеткішке тең.
8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудан бас тарту үшін негіздер шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.