Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қордай ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қордай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2110 тіркелген);
2) "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қордай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі №103 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3810 тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қордай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қордай ауданының | |
әкімі | М. Мусаев |