Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қордай ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" Қордай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 324 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3172 тіркелген);
2) "Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" Қордай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 324 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қордай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 414 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3255 тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қордай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қордай ауданының | |
әкімі | Б. Болатбеков |