Сарысу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №19-4 "Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 35-4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 желтоқсанда № 30976 болып тіркелді

      Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Сарысу аудандық мәслихатының "Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы" 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №19-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 26356 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сарысу ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларында:

      5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарысу аудандық
      мәслихат хатшысы А. Сейналиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады