Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округі Үшбас және Әшір Бүркітбаев ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 20 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 тамызда № 29158 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Үшбас және Әшір Бүркітбаев ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округі Үшбас ауылының көшелері:

      Мектеп көшесін Жерұйық көшесіне;

      Орталық көшесін Майбұлақ көшесіне қайта аталсын.

      2. Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округі Әшір Бүркітбаев ауылындағы Жаңа көшесі Бірлік көшесі болып қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Шортанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады