"Шу ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 377 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 тамызда № 29020 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шу ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 102 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3423 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысы Шу
      ауданының әкімі С. Арубаев

  Шу ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 3 тамыздағы № 377
қаулысына қосымша
  Шу ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№102 қаулысына қосымша

Шу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

1

Ескі шу ауылдық округі, Белбасар ауылы, Шалибек Әзімбай көшесі, № 69 үйге қарама-қарсы

90

жоқ

азық-түлік тауарлары

5

2

Қорағаты ауылдық округі, Мойынқұм ауылы,
Сәду Шәкіров көшесі, "Аслан" дүкенінің оң жағында

10

"Аслан" дүкені

азық-түлік тауарлары

5

3

Ақсу ауылдық округі, Ақсу ауылы, Сәкен Сейфуллин көшесі, "Күлжахан" тойханасының оң жағында

90

"Күлжахан" тойханасы

азық-түлік тауарлары

5

4

Бірлікүстем ауылдық округі, Бірлікүстем ауылы, Жарылқасын Масатбаев көшесі, № 28 үйдің сол жағында

20

"Әдемі" дүкені

азық-түлік тауарлары

5

5

Көкқайнар ауылдық округі, Көкқайнар ауылы, Бұтабай Қосқұлақ көшесі, № 2 үйдің оң жағында

90

жоқ

азық-түлік тауарлары

5

6

Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы, Мерке-Бурылбайтал тасжолының бойында орналасқан "Ақжол" дүкеніне қарама-қарсы

14

"Ақжол" дүкені

азық-түлік тауарлары

5

7

Өндіріс ауылдық округі, Абай ауылы, Жақсыбай Жантөбетов көшесі, № 46 үйдің сол жағында

20

"Аяна" дүкені

азық-түлік тауарлары

5

8

Далақайнар ауылы, Төле би көшесі, № 4 үйдің оң жағында

15

"Аят" дүкені

азық-түлік тауарлары

5

9

Шоқпар ауылдық округі, Шоқпар ауылы, Балуан Шолақ көшесі, "Зейнеп" дүкеніне қарама-қарсы

20

"Зейнеп" дүкені

азық-түлік тауарлары

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады