ШЕШТI:
1. Қаражал қалалық мәслихатының "Салық салу мақсаттары үшін Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы" 2018 жылғы 17 тамыздағы №228 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4956 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы";
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес ШЕШТІ:";
шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексінің 505, 506–баптарында белгіленген жер салығының мөлшерлемелері 3-қосымшаға сәйкес жоғарылатылсын немесе төмендетілсін.".
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қалалық мәслихаттың хатшысы | З. Оспанова |