"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысының әкімі | Б. Исабаев |
Жетісу облысы әкімдігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 98 қаулысына қосымша |
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жетісу облысы әкімдігінің 20.03.2024 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері
№ |
Спорт түрлері, спорттың ойын түрлері бойынша | Төлемдерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) | ||||||||
Спортшылар | Жаттықтырушылар | Клубтық командалардың жетекшілері | ||||||||
1-орын | 2-орын | 3-орын | 1-орын | 2-орын | 3-орын | 1-орын | 2-орын | 3-орын | ||
Олимпиадалық спорт түрлері | ||||||||||
1 | Жазғы және қысқы Олимпиада ойындары | 200 | 150 | 100 | 80 | 50 | 20 | - | - | - |
2 | Азия ойындары | 120 | 100 | 80 | 50 | 30 | 10 | - | - | - |
3 | Жасөспірімдер Олимпиада ойындары | 60 | 50 | 40 | 30 | 20 | 10 | - | - | - |
4 | Ересектер арасында Әлем чемпионаты | 120 | 100 | 80 | 50 | 30 | 10 | - | - | - |
5 | Жастар арасында Әлем чемпионаты | 60 | 50 | 40 | 15 | 10 | 5 | - | - | - |
6 | Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты | 40 | 30 | 20 | 15 | 10 | 5 | - | - | - |
7 | Ересектер арасында Азия чемпионаты | 80 | 60 | 50 | 15 | 10 | 5 | - | - | - |
8 | Жастар арасында Азия чемпионаты | 50 | 40 | 30 | 15 | 10 | 5 | - | - | - |
9 | Ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты, ересектер арасында Қазақстан Республикасының Спартакиадасы | 60 | 50 | 40 | 15 | 10 | 5 | - | - | - |
10 | Жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты | 30 | 20 | 15 | 15 | 10 | 5 | - | - | - |
Олимпиадалық емес спорт түрлері | ||||||||||
1 | Ересектер арасында Әлем чемпионаты | 70 | 60 | 50 | 15 | 10 | 5 | - | - | - |
2 | Ересектер арасында Азия чемпионаты | 50 | 40 | 30 | 15 | 10 | 5 | - | - | - |
3 | Ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты | 40 | - | - | - | - | - | - | - | - |
Ұлттық спорт түрлері | ||||||||||
1 | Ересектер арасында Әлем чемпионаты | 70 | 60 | 50 | 15 | 10 | 5 | - | - | - |
2 | Көшпенділер ойындары | 60 | 50 | 40 | 15 | 10 | 5 | - | - | - |
3 | Ересектер арасында Азия чемпионаты | 50 | 40 | 30 | 15 | 10 | 5 | - | - | - |
4 | Жастар арасында Азия чемпионаты | 40 | 30 | 20 | 15 | 10 | 5 | - | - | - |
5 | Ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты | 30 | 20 | 15 | 5 | - | - | - | - | - |
Паралимпиада және Сурдлимпиада спорт түрлері | ||||||||||
1 | Жазғы және қысқы Сурдлимпиада және Паралимпиада ойындары | 200 | 150 | 100 | 80 | 50 | 20 | - | - | - |
2 | Азия Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындары | 120 | 100 | 80 | 50 | 30 | 10 | - | - | - |
3 | Жасөспірімдер Олимпиада ойындары | 60 | 50 | 40 | 30 | 20 | 10 | - | - | - |
4 | Ересектер арасында Әлем чемпионаты | 120 | 100 | 80 | 50 | 30 | 10 | - | - | - |
5 | Жастар арасында Әлем чемпионаты | 60 | 50 | 40 | 15 | 10 | 5 | - | - | - |
6 | Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты | 40 | 30 | 20 | 15 | 10 | 5 | - | - | - |
7 | Ересектер арасында Азия чемпионаты | 80 | 60 | 50 | 15 | 10 | 5 | - | - | - |
8 | Жастар арасында Азия чемпионаты | 50 | 40 | 30 | 15 | 10 | 5 | - | - | - |
9 | Ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты, ересектер арасында Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, Қазақстан Республикасының Параолимпиада ойындары | 60 | 50 | 40 | 5 | - | - | - | - | - |