"Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емделу кезінде қосымша беру туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 15 шілдедегі № 223 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 шілдеде № 28845 болып тіркелді

      Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емделу кезінде қосымша беру туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы №34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6207 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізелсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов

  Қарағанды облыстық
мәслихатының
2022 жылғы 15
шілдедегі
№ 223
шешіміне қосымша
  Қарағанды облыстық
мәслихатының
2021 жылғы 25 ақпандағы
№34 шешіміне 1 қосымша

Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша берілетін амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар

      1. Амбулаториялық емдеу кезінде диагноздармен (рецепт бойынша) қосымша тегін берілетін дәрілік заттар:

      1) "Инфликсимаб" дәрілік заты - "Ойық жаралы колит, Крон ауруы" диагнозында;

      2) "Олодатерола гидрохлориді/Тиотропия бромид моногидраты" дәрілік заты - "Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы" диагнозында;

      3) "Канакинумаб" дәрілік заты - "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозында ;

      4) "Көктамыр ішіне енгізуге арналған Иммуноглобулин G (адами қалыпты)" дәрілік заты - "Аутоиммунды аурулар және иммун тапшылығы жай-күйі" диагнозында;

      5) "Ведолизумаб" дәрілік заты - "Спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы" диагнозында;

      6) "Тоцилизумаб" дәрілік заты - "Ювенильді склеродермия" диагнозында;

      7) "Иммуноглобулин G" дәрілік заты - "Ювенильді склеродермия" диагнозында;

      8) "Адалимумаб" дәрілік заты - "Ревматоидты артрит" диагнозында;

      9) "Метотрексат", "Метилпреднизолон" дәрілік заттары - "Қаптайтын тромбоангиит. Бюргер ауруы" диагнозында;

      10) "Азацитидин" дәрілік заты - "Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қоса алғанда, гематологиялық аурулар" диагнозында;

      11) "Тобрамицин" дәрілік заты - "Муковисцидоз" диагнозында;

      12) "Метилпреднизолон" дәрілік заты - "Жүйелі склеродермия" диагнозында;

      13) "Азатиоприн" дәрілік заты - "Бехчет ауруы" диагнозында;

      14) "Белимумаб" дәрілік заты - "Жүйелі қызыл жегі" диагнозында;

      15) "Ривароксабан" дәрілік заты - "Аяқ артерияларының облитерациялайтын атеросклерозы" диагнозында;

      16) "Ривароксабан" дәрілік заты - "Жүрекшелердің созылмалы фибрилляциясы (жыпылықтайтын аритмия)" диагнозында;

      17) дәрілік заты - "Блекфан-Даймонд анемиясы" диагнозында;

      18) дәрілік зат - "Өкпе артериялық гипертензиясы" диагнозында;

      19) дәрілік зат- "Эпилепсия" диагнозында;

      20) дәрілік зат - "Аралас жасушалық-гуморальдық иммунитет тапшылығы" диагнозында;

      21) дәрілік заттар - "Созылмалы идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура" диагнозында;

      22) дәрілік зат - "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозы кезінде;

      23) дәрілік зат - "Бехтерев ауруы" диагнозында;

      24) "Стирипентол" дәрілік заты - "Эпилептикалық энцефалопатия: нәрестелік ауыр эпилепсия - Драве синдромы" диагнозында.

      25) дәрілік заты "Мацитентан" - "Өкпе артериялық гипертензиясы" диагнозында;

      26) дәрілік заты "Пеницилламин" - "Жүйелік склеродермия" диагнозында;

      27) дәрілік заты "Тетракозактид" - "Эпилепсия" диагнозында.

      2. Амбулаториялық емдеу кезінде мамандандырылған емдік өнімдер диагнозымен тегін:

      1) "Буллезді эпидермолиз" диагнозы бар азаматтарға арнайы емдік өнім (рецепт бойынша);

      2) "Муковисцидоз" диагнозы бар азаматтарға арнайы емдік өнім (рецепт бойынша);

      3) "Гомоцистинурия" диагнозы бар азаматтарға арнайы емдік өнім (рецепт бойынша).

      3. Амбулаториялық емдеу кезінде медициналық бұйымдар диагнозбен тегін: медициналық бұйымдар (рецепт бойынша) "буллезді эпидермолиз" диагнозы бар азаматтарға.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады