Қарағанды облысы әкімдігінің "2022 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" 2022 жылғы 20 маусымдағы № 39/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 59/02 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қыркүйекте № 29577 болып тіркелді

      Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің "2022 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" 2022 жылғы 20 маусымдағы № 39/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28537 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарағанды облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2022 жылғы 13
қыркүйектегі
№ 59/02
қаулысына қосымша
  Қарағанды облысы әкімдігінің
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 39/01 қаулысына
2-қосымша

2022 жылға пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі

Облыс атауы

Субсидия көлемі, теңге

1

Қарағанды облысы

2 355 468 000


Барлығы

2 355 468 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады