Қарағанды облысы Нұра ауданының Дон ауылдық округін Құлан ауылдық округіне қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 60/03 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 241 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29780 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11–бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы Нұра ауданының Дон ауылдық округі Құлан ауылдық округіне қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады