2022 жылға арналған Қарағанды облысының акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 80/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 қарашада № 30699 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2022 жылға арналған Қарағанды облысының акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарағанды облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар

      министрлігі

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2022 жылғы 23
қарашадағы
№ 80/01
қаулысына қосымша

2022 жылға арналған Қарағанды облысының акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері

Субсидиялау түрлері

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Сомасы, мың теңге

1.

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын, отандық өндірістің балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

килограмм

752

79 000

2.

Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары:




2.1

Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары (құртшабақтар)

дана

5 000

1 250

2.2

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (құртшабақтар, дернәсілдер)

дана

14 535 816

5 940

2.3

Ақсаха тұқымдас балықтар мен олардың будандары (дернәсілдер)

дана

17 500 000

8 500

3.

Дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

килограмм

104 000

260

4.

Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін (тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарын) сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары

дана

20

50

5.

Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

бірлік

15

5 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады