Қарағанды қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 02/69 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қаңтарда № 26604 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидасынын 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қараганды қаласының әкімі Е. Булекпаев

  Қарағанды қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 19 қаңтардағы
№ 02/69 қаулыға қосымша

Қарағанды қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналасу орындары

Алатын алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым

1

"Яхт-клуб 1" аялдамасының сол жағында, Қазыбек би атындағы ауданы

30

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

тауарлардың ұқсас ассортиментін өткізетін сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілері жоқ

2

Октябрь ауданы, 079 есептік орам, 4 құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан автожанармай құю станциясының сол жағында

30

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

тауарлардың ұқсас ассортиментін өткізетін сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілері жоқ

3

Октябрь ауданы, 215 есептік орам, 5 участок мекенжайы бойынша орналасқан автоорталықтың оң жағында

30

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

тауарлардың ұқсас ассортиментін өткізетін сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілері жоқ

4

Октябрь ауданы, Солтүстік өндірістік аймағы, 018 есептік орам, 22в құрылыс мекен-жайы бойынша орналасқан металды қабылдау пунктінің сол жағында

30

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

тауарлардың ұқсас ассортиментін өткізетін сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілері жоқ

5

Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, 110 есептік орам, 001 құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан аңшылық дүкенінің оң жағында

30

5 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

тауарлардың ұқсас ассортиментін өткізетін сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілері жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады