Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 426 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 149 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 мамырда № 27931 болып тіркелді

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 426 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5454 болып тіркелген) (бұдан әрі – Шешім) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) Шешімінің тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:

      "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы";

      2) Шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санатының тізбесі 1, 2 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.";

      3) Шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Б. Искаков) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарағанды қалалық мәслихатының және Қарағанды қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихатының хатшысы К. Бексултанов

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2022 жылғы 27 сәуірдегі
№ 149 шешіміне 1 қосымша
  Қарағанды қалалық мәслихатының
2019 жылғы 23 тамыздағы №426 шешіміне
1 қосымша

Тұрғын үй сертификатының мөлшері

      1. Әрбір алушы үшін қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 (бір) миллион теңгеден артық емес.

      2. Әрбір алушы үшін қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 (бір) миллион теңгеден артық емес.

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2022 жылғы 27 сәуірдегі № 149 шешіміне
2 қосымша
  Қарағанды қалалық мәслихатының
2019 жылғы 23 тамыздағы №426 шешіміне
2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Атауы

1.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

2.

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

3.

Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

4.

1 және 2 топтағы мүгедектер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

5.

Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

6.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы №1309 қаулысымен бекiтілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

7.

Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

8.

Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

9.

Қандастар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

10.

Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

11.

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

12.

Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

13.

Толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады