Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 426 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 қыркүйекте № 5454 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 27.04.2022 № 149 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына, "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санатының тізбесі 1, 2 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 27.04.2022 № 149 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Мұхтаров
      Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2019 жылғы 23 тамыздағы №426 шешіміне
1 қосымша

Тұрғын үй сертификатының мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 27.04.2022 № 149 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әрбір алушы үшін қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 (бір) миллион теңгеден артық емес.

      2. Әрбір алушы үшін қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 (бір) миллион теңгеден артық емес.

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2019 жылғы 23 тамыздағы
№ 426 шешіміне 2-қосымшасы

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.05.2023 № 32 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Атауы

1.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

2.

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

3.

Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

4.

1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

5.

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

6.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен бекiтілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26830 тіркелген) (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

7.

Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

8.

Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

9.

Қандастар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

10.

Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

11.

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

12.

Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

13.

Толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады