"Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 149 бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 31/02 бірлескен қаулысы және Қарағанды қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 173 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 шілдеде № 28743 болып тіркелді

      Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы №19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы №149 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4262 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1–тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) жәрдемақы мен зейнетақыларының мөлшері жиырма екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнетақы алушыларға, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдар (1 және 2 тізім бойынша) ретінде мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушыларға – тегін жолақы;";

      1–тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – тегін жолақы;";

      1–тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "3) мүгедектерге – тегін жолақы;";

      1–тармақ келесі мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "3-1) бірінші, екінші, үшінші топтағы он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата - анасының біреуіне – тегін жолақы;

      3-2) бірінші, екінші топтағы мүгедектердің қорғаншыларына – тегін жолақы;

      3-3) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға – тегін жолақы;".

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімі Е. Булекпаев
      Мәслихатының хатшысы К. Бексултанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады