Қаражал қаласы бойынша 2022 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 19 мамырдағы № 135 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 маусымда № 28333 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндеттерін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы №166 "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қаражал қаласы бойынша 2022 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері, бір шаршы метр үшін 40,05 теңге сомасында бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Оспанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады