Шахтинск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 шілдедегі № 160/15 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 шілдеде № 28955 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шахтинск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қалалық мәслихатының хатшысы Ж. Мамерханова

  Шахтинск қалалық
мәслихатының
2022 жылғы 28
шілдедегі
№ 160/15
Шешіміне қосымша

Шахтинск қалалық мәслихатының күші жойылды деп тануға жататын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 мамырдағы №1510/21 "Шахтинск қаласы Долинка кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4773 болып тіркелген).

      2. Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 мамырдағы №1511/21 "Шахтинск қаласы Новодолинский кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4774 болып тіркелген).

      3. Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 мамырдағы №1512/21 "Шахтинск қаласы Шахан кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4771 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады