"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Долинка кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Долинка кентінің келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
1) 1 линия көшесін - Сарыарқа көшесіне;
2) 2 линия көшесін - Нұрлы көшесіне;
3) 3 линия көшесін - Ұялы көшесіне;
4) 4 линия көшесін - Мәңгілік көшесіне;
5) 5 линия көшесін - Медеу көшесіне;
6) 6 линия көшесін - Береке көшесіне;
7) 7 линия көшесін - Достық көшесіне;
8) 8 линия көшесін - Тұлпар көшесіне;
9) 9 линия көшесін - Көктем көшесіне;
10) 40 лет Октября көшесін - Дінмұхамед Қонаев көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Долинка кентінің әкімі | А. Тусупов |