ШЕШТІМ:
1. Абай ауданы әкімінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 1 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28014 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қарағанды облысы Абай ауданының Дзержинский ауылдық округінің Қоянды ауылында, Құлаайғыр ауылдық округінің Құлаайғыр ауылында, Иличевский ауылдық округінің Тасзаимка ауылында, Құрма ауылдық округінің Жұмабек ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | М. Магзин |