Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 мамырда № 28014 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Абай ауданының Дзержинский ауылдық округінің Қоянды ауылында, Құлаайғыр ауылдық округінің Құлаайғыр ауылында, Иличевский ауылдық округінің Тасзаимка ауылында, Құрма ауылдық округінің Жұмабек ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 22.07.2022 № 2 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Абай ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Сакенұлы Мағзин тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі Б. Асанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады