Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 31/292 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда № 31043 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/147 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 15/147 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай аудандық мәслихатының "Абай ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 12 маусымдағы № 30/310 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2674 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай аудандық мәслихатының хатшысы Д. Сакенов

  Абай аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 1
желтоқсандағы
№ 31/292
Шешіміне қосымша
  Абай аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 12 маусымдағы
№ 30/310 шешімімен
бекітілген

Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша облыстардағы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы статистика органдары есептейтін облыстардағы мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасы "Ардагерлер туралы" Заңының 10-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

2 тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу

      6. Мерекелік күндерге әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына ақшалай төлемдер түрінде бір рет көрсетіледі:

      1) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы:

      1, 2 топтағы мүгедек адамдарға 9 600 (тоғыз мың алты жүз) теңге мөлшерінде;

      18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға 9 600 (тоғыз мың алты жүз) теңге мөлшерінде;

      адамның иммун тапшылығы вирусы бар адамдар 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілеріне 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      2) Жеңіс күні – 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да жауынгерлік операциялар кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедек адамдарға, атап айтқанда майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектік белгіленген жұмысшылар мен қызметшілерге, әскери іс-қимылдар ауданында, темір жолдардың маңдай алды учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, Әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтарының құрылыстарында 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедек қайтыс болған адамның зайыбына (жұбайына) немесе Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан жеңілдіктер бойынша мүгедек адамдарға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушының қайтыс болған зайыбына (жұбайына) соғыс, партизан, астыртын әрекет жасаушы, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруы салдарынан мүгедек деп танылған азамат, қайта некеге тұрмаған еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қарсы себептерден басқа) 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде.

      1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде тәжік-ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986-1991 жылдар кезеңінде Таулы Қарабақтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

      3) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

      80 және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге - 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

      4) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Абай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға ата-ана жарналарының шығындарын өтеуге - 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына табыс есебінсіз бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) әлеуметтік маңызды аурудың болуы:

      туберкулездің амбулаториялық емделу кезеңіне ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      балалардағы адамның иммун тапшылығы вирусы диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) мөлшерінде ай сайын төленеді;

      операциядан кейінгі емдеу кезеңінде бір рет - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде онкологиялық ауру

      8. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:

      өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.

      9. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      10. Мереке күндеріне бірнеше негіздеме бойынша әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаларға әлеуметтік көмек тек бір негіздеме бойынша беріледі.

      11. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Абай ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      12. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шотына аудару жолымен көрсетіледі.

3-тарау. Қорытынды ереже

      13. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады