"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, кент тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 мамырдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Абай ауданы Қарабас кентінің көшелері:
Трансформаторная көшесін Отырар көшесіне;
Парковая көшесін Тұран көшесіне;
Мира көшесін Бейбітшілік көшесіне;
Зеленая көшесін Береке көшесіне;
Рабочая көшесін Мерей көшесіне;
Степная көшесін Отан көшесіне;
Садовая көшесін Бәйтерек көшесіне;
Железнодорожная көшесін Нұрлы жол көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарабас кентінің әкімі | О. Молдабеков |