"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 мамырдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Абай ауданы Көксу ауылдық округі Көксу ауылының көшелері:
Октябрьская көшесін Достық көшесіне;
Центральная көшесін Орталық көшесіне;
Почтовая көшесін Наурыз көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауылдық округінің әкімі | А. Таран |