Қарағанды облысы Абай ауданы Дубовка ауылдық округі Дубовка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданы Дубовка ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 08 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 желтоқсанда № 31175 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 мамырдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Абай ауданы Дубовка ауылдық округі Дубовка ауылының көшелері:

      Каратажная көшесін Өрлеу көшесіне;

      Строительная көшесін Құрылысшы көшесіне;

      Гидрогеологическая көшесін Ақжол көшесіне;

      Молодежная көшесін Жастар көшесіне;

      Ковыльная көшесін Самал көшесіне;

      Фестивальная көшесін Саялы көшесіне;

      Новостройка көшесін Сарыарқа көшесіне;

      Мира көшесін Бейбітшілік көшесіне;

      Октябрьская көшесін Наурыз көшесіне;

      Коммунальная көшесін Береке көшесіне;

      Геофизическая және Сабурханская көшелерін Жібек жолы көшесіне;

      Детсадовская және Ленина көшелерін Достық көшесіне;

      60 лет СССР және Степная көшелерін Қайнар көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Дубовка ауылдық округінің әкімі Е. Кисраунов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады