Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 64/517 "Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 мамырдағы № 24/169 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 мамырда № 28089 болып тіркелді

      Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының "Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы" 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №64/517 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6131 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      қағиданың 7 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаарқа аудандық мәслихат хатшысы К. Имантусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады