Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Кертінді ауылының әкімінің 27.06.2022 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Нұра ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 02-13-129 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Нұра ауданы Кертінді ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан құтырық ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кертінді ауылының әкімі | Г. Хасенов |