Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қарағанды облысы Нұра ауданы Талдысай ауылы әкімінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 1 "Нұра ауданы Талдысай ауылының аумағында шектеу іс-шаралар белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Талдысай ауылының әкімінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 сәуірде № 27459 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұра аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 25 наурыздағы № 02-13-144 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Нұра ауданы Талдысай ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан вирустық диарея және жұқпалы ринотрахеит ауруларын жою бойынша сауықтыру іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарағанды облысы Нұра ауданы Талдысай ауылы әкімінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 1 "Нұра ауданы Талдысай ауылының аумағында шектеу іс-шаралар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26737 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Талдысай ауылының әкімі А. Нуртаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады