Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Талдысай ауылының әкімінің 30.03.2022 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Нұра ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 02-13-25 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Нұра ауданы Талдысай ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан вирустық диарея және инфекциялық ринотрахеит аурулар анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Нұра ауданы Талдысай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім оның ресми жарияланғанынан кейін Нұра ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талдысай ауылының әкімі | А. Нуртаева |