"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осакаров аудандық мәслихатының "Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету ережесін бекіту туралы" 2020 жылғы 5 мамырдағы № 830 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5841 болып тіркелген), шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | К. Саккулаков |
Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 179 шешіміне қосымша |
Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы және мөлшері
1. Жалпы ереже
1. Осы Қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
3. Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардың өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұыймдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктер арқылы көрсетіледі.
4. Әлеуметтік қолдау Осакаров ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.
5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.