Құндызды ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Құндызды ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 11 тамыздағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 тамызда № 29164 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, ауылдық округ тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 11 наурыздағы қортындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Құндызды ауылдық округіндегі Шұңқыркөл ауылының көшелері:

      1) Степная көшесін Сарыарқа көшесіне;

      2) Интернатская көшесін Сәкен Сейфуллин көшесіне;

      3) Школьная көшесін Алаш көшесіне;

      4) Парковая көшесін Отан көшесіне;

      5) Озерная көшесін Тұран көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      әкім А. Сыздыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады