Шет ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 25/02 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 мамырда № 28097 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шет ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сайкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шет ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шет ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкімі М. Мухтаров

  Шет ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 25/02 қаулысына қосымша

Шет ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Алып отырған алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Ақадыр кенті, Абай даңғылы, "Алаш" сауда үйіне қарама-қарсы

200

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

"Алаш" сауда үйі

2

Ақадыр кенті, Тәуелсіз Қазақстан көшесі, "Қазпочта" акционерлік қоғамының Шет ауданы пошта байланысы торабы ғимаратының оң жағынан

150

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

Жоқ

3

Ақжал кенті, Ыбырай Алтынсарин көшесі, Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің "Ақжал негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағынан

200

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

Жоқ

4

Ақжал кенті, Сәкен Сейфуллин көшесі, "Азық-түлік" дүкенінің сол жағынан

200

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

"Азық-түлік" дүкені

5

Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай Жырау көшесі, "Ақжол" дүкенінің сол жағынан

120

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

"Ақжол" дүкені

6

Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай Жырау көшесі, "Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

2000

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

"Аюлы" дүкені

7

Мойынты кенті, Таңыбай батыр көшесі, "Бота" дүкеніне қарама-қарсы

25

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

"Бота" дүкені

8

Сәкен Сейфуллин атындағы кент, Сәкен Сейфуллин көшесі, Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Шет аудандық мәдени-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны "Сәкен Сейфуллин атындағы кентінің мәдениет үйі" ғимаратына қарама-қарсы

375

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

Жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады