Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы, 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 14 маусымдағы №06-08-02/184 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақшоқы ауылдық округі Қызылтау, Ақбауыр ауылдарында ірі қара малдан қарасан ауруының пайда болуына байланысты карантин іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап кейін қолданысқа еңгізіледі.
Ақшоқы ауылдық округінің әкімі | Р. Абенова |