"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2022 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері бекітілсін.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Н. Налибаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 564 қаулысына қосымша |
Қызылорда облысы бойынша 2022 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері
Көрсеткіш | Барлық қажеттілік, мың теңге | Бірегей тұқымдар, мың теңге | Элиталық тұқымдар, мың теңге | Бірінші көбейтілген тұқымдар, мың теңге |
Бірінші ұрпақ будандары, мың |
Элиталық көшеттер, |
Жергілікті бюджет | 152 807 | 2 061 | 41 632 | 92 234 | 10 000 | 6 880 |
Барлығы | 152 807 | 2 061 | 41 632 | 92 234 | 10 000 | 6 880 |