Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 570 "Қызылорда облысы бойынша 2022 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 669 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 қарашада № 30702 болып тіркелді

      Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 570 "Қызылорда облысы бойынша 2022 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28463 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызылорда облысы бойынша 2022 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 297-1, 297-2 жолдармен толықтырылсын:

"

297-1

PLANT START 8-31-4 -export

N барлығы - 8%, оның ішінде аммонийлы - 8%, Р2О5 - 31%, К2О - 4%, балдырлар сығындысы - 4%, альгин қышқылы- - 0,033%, маннитол - 0,12%

литр

2 280,0



297-2

SEMELE

Р2О5 - 32%, К2О - 23%

литр

1 920,0 

"

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Налибаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2022 жылғы 23 қарашадағы
№ 669 қаулысына қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің
2022 жылғы "13" маусымдағы
№ 570 қаулысына 2-қосымша

Қызылорда облысы бойынша 2022 жылға арналған тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері

Облыс атауы

Субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемі, теңге

1

Қызылорда облысы

2 235 451 000,0


Барлығы

2 235 451 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады