Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31-баптарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызылорда қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:
бірінші және екінші топтағы көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдарға.
2. Қызылорда қалалық бюджеті қаржыландыру көзі болып айқындалсын.
3. Осы бiрлескен қаулы және шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі | А. Шаменов |
Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы | И. Кутухуджаев |