Атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 332 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 маусымда № 28532 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 1 қорытындысы негізінде және Әйтеке би кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      № 2 кварталының атауы жоқ № 2 көшесіне Жаңай Құдабаев көшесі;

      № 5 кварталының атауы жоқ көшесіне Әбен Жолтаев көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би кентінің әкімі К. Орынбасаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады