Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қармақшы аудандық мәслихатының "Жер салығының базалық мөлшерлемелері туралы" 2018 жылғы 10 шілдедегі № 179 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6391 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
"1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Жосалы кенті бойынша жер салығының мөлшерлемелерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 (елу) пайызға арттырылсын".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы | Ә. Қошалақов |