Жер салығының базалық мөлшерлемелері туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 179 шешiмi. Қызылорда облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 24 шілдеде № 6391 болып тiркелдi.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Жосалы кенті бойынша жер салығының мөлшерлемелерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 (елу) пайызға арттырылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 25.07.2022 № 202 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы "Жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5900 нөмерімен тіркелген, 2017 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) № 100 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық
мәслихатының кезекті
23-сессиясының төрағасы
___________Ғ.Ұзақбаев
      Қармақшы аудандық
мәслихатының хатшысы
___________М.Наятұлы
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қармақшы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Қ.Сүлейменов ________________
"10" шілде 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады